ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Осы петицияның авторларының бірі А. Байтұрсынұлы болды. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған оны 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындап, Семей түрмесіне жапты.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913 - 1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық "Қазақ" газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Қазақ халқының басындағы ауыр жағдайы туралы "Қазақ" газеті ашына жазды. Сол тұста жайылымдар мен шабындықтар келімсектердің иелігіне өтіп, егін егілетін жер талауға түскені аян. Қазақ халқының басында жат жұрттықтар ықпалынан шығу, ел болу үшін бірігу секілді ұлы міндеттер тұрған кез еді. Осындай қиын-қыстау уақытта оқыған қазақтардың көпшілігі ана тілін менсіне қоймайтын күйге түскені де рас. Сондықтан да "Қазақ" газетінің ең ұлы мақсатының бірі ана тілін түрлендіру, қазақ тіліндегі басылым арқылы тіл мен дәстүрді дамыту, қалың қауымның көзін ашу болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>