Келді міне,Жаңа жыл

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

й қойшы! (Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады)
Герда: Кай! Сен мені таныдың ба?
Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап мазамды алмашы.
Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?!
Қар ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды.
Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай!
Кай: Сәлеметсің бе, Герда! (Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады).
(Шыршаның артынан Фея шығады)
Фея:Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік.
Қар ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха-ха-ха!
Фея: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата: Келе жатырмын (есіктің артынан айқайлап) келе жатырмын! Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады) Амансыздар ма, қонақтар! - Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл-күйлерің жоқ қой?
Ақшақар: Қар ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңда алып, оны пешке ерітіп жіберші.
Аяз ата: Бір, екі, үш. Бері кел пеш! Бір, екі, үш. Қар ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, Қар ханшайымы айналып, айналып пешке барып құлайды).
Қар ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын!
Аяз ата: Міне, Қар ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық.
Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық.
Шыршаның шамын жағайық!
Барлығы:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу).
Ән: "Шырша жыры"
Аяз ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Ойын: "Кім жылдам"
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді (әр топта бес баладан). Екі топқа дорба беріледі. Дорбаны киі

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: