п, шыршаны айналып жүгіріп келеді. Келесі бала әрі қарай жалғастырады. Бұрын келген топ жеңіске жетеді.
Ақшақар: Аяз ата, балалар сіздерге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік.
Санжар:
Бар баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
С. Жансая:
Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Құндыз:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Дамир:
Снег идет, снег идет,
Скоро, скоро новый год.
Дед Мороз к нам придет,
Всем подарки принесёт.
Қанат:
Жаңа жылда жаңаша,
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Аппақ атамыз.
Елнар:
A happy New Year for me,
A happy New Year for me,
A happy New Year for everyone!
Thats what I wish - I do.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мен де сендерге өзіммен бірге кішкентай Аяз аталарымды ала келдім. Кәне, менің достарым. Шығыңдар, билеріңді көрсетіңдер!
Би: "Санта клаус"
Фея: Аяз ата, сізбен ойын да ойнадық, би де биледік. Балалар тақпақ, әндерін айтты, осы сіздің сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата: А-а-а! Сыйлық па? Сыйлық бар, қазір табамыз (Шыршаның астынан кішкентай мешінді алып шығады). Міне, сыйлық сендерге. Келе жатқан мешін жылы ғой.
Фея: Жоқ, ондай емес. Ол тым кішкентай ғой. Бізге үлкен мешін келіп сыйлық берсін
Аяз ата: Жарайды, (Таяғымен сыйқырлайды) Үлкен мешін кіріп, балаларға сыйлық әкелсін! Бір, екі, үш! (Залға үлкен мешін кіреді. Қоржынында сыйлықтар болады).
Мешін: Сәлеметсіздер ме, балалар! (балалар амандасады)Қандай өнерлі, жақсы балаларсыңдар. Сендерді көріп, сендермен бір жыл бойы ойнап күлуге, барлық жақсы күндерде сендермен бірге бо
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>