>Қар ханшайымы: Ха-ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды.
Фея: Бізді қорқытпа. Жаңа жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің
Қар ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Ол үшін сыған қыздарын шақырамын (Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады)
Би: "Сыған"
Сыған қызы Рада: балалардың қолдарын кезек-кезек алып, ой сен үлкен ғалым боласың. Ал сен ғарышкер болады екенсің, т. с. с.
Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы а-а?
Қар ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер.
Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды.
Қар ханшайымы: Сен не деп кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады)
Қар ханшайымы:(ойланып) Аяз атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін (Кетеді).
(Герда залға кіреді).
Герда:Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (Шыршаның астына жатып ұйықтайды).
Фея:Герда сен не істеп жатырсын? Тоңып қалған жоқсың ба?
Герда: Мен әлі Қайды іздеп жүрмін.
Фея: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Ақшақар, Ақшақар! Ақшақар!
Ақшақар: Міне, менде келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. (балаларамандасады)Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың?
Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де айта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші.
Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қ
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>