аншайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын!
Аяз ата: Міне, Қар ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық.
Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық.
Шыршаның шамын жағайық!
Барлығы:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу).
Ән: "Шырша жыры"
Аяз ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Ойын: "Кім жылдам"
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді (әр топта бес баладан). Екі топқа дорба беріледі. Дорбаны киіп, шыршаны айналып жүгіріп келеді. Келесі бала әрі қарай жалғастырады. Бұрын келген топ жеңіске жетеді.
Ақшақар: Аяз ата, балалар сіздерге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік.
Санжар:
Бар баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
С. Жансая:
Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Құндыз:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Дамир:
Снег идет, снег идет,
Скоро, скоро новый год.
Дед Мороз к нам придет,
Всем подарки принесёт.
Қанат:
Жаңа жылда жаңаша,
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Аппақ атамыз.
Елнар:
A happy New Year for me,
A happy New Year for me,
A happy New Year for everyone!
Thats what I wish - I do.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мен де сендерге өзіммен бірге кішкентай Аяз аталарымды ала келдім. Кәне, менің достарым. Шығыңдар, билеріңді көрсетіңдер!
Би: "Санта клаус"
Фея: Аяз ата, сізбен ойын да ойнадық, би де биледік. Балалар тақпақ, әндерін айтты, осы сіздің сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата: А-а-а! Сыйлық па? Сыйлық бар, қазір табамыз (Шыршаның астына
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>