Келді міне, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

иналды.
Кәне, балақай байқашы,
Мән беріп бір қарашы!
Доcтардың барлығы,
Үлгерді ме санашы.
(Балалар шығып, орындықтарына отырады).
Ән: "Жаңа жыл"
Мади:
Сәлем бізден баршаға,
Құттықтаймыз жар сала.
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіз шыршаға.
Айару:
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Дәулетхан:
Дети водят хоровод,
Хлопают в ладошки.
Здравствуй здравствуй новый год,
Ты такой хороший.
Марта:
Шеберін-ай аяздың,
Әйнектерді қағаз қып.
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
Суреттерді әр үйге,
Әйнектерге әрине.
Түнде салып береді,
Көзі қалай көреді?
Қ. Жансая:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды,
Шырқатайық-ән жырды.
Айдарлы:
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
(Музыка ойнап залға Фея майшам ұстап кіреді).
Фея:Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады)Мен сендердің Жаңа жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім, өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Фея балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді). (Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып ортаға келіп тұрады).
Герда:Кай, Қар ханшайымы балалардың мерекесіне келеді ме?
Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі).
(Залға Қар ханшайымы кіреді)
Қар ханшайы

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: