Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>

Әрине, ол бірден барып, қорапты ала бергенде, үстіне кәмпит төгіледі.
"Шыршаны безендір" сайысы
Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде әйелдер ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ер адамдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың "шыршасы" әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді. "Түйреуіш"
Бұл жаңажылдық әзіл үшін бірнеше жұп керек, ерлі-зайыптылар болса жақсы. Барлығының көздерін байлап қойып, олардың киімдеріне бес-бестен түйреуіш тағасыз. Бір-бірінің үстіндегі барлық түйреуішті бірінші болып жинаған жұп жеңеді. Мұның бәрі баяу әдемі әннің әуенімен өтуі тиіс. Алайда, ойында бір сыр болады: қыздың киіміне 5 түйреуіш тағылса, жігіттің үстіне төрт түйреуіштен ілінеді. Демек, жеңіске бұл сырды бірінші болып түсінген жұп жетеді. Ал оған дейін екінші жартысының үстінен соңғы түйреуішті ұзақ іздегенін сыртынан тамашалау - өте қызық көрініс.
"Қолғап пен түйме"
Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар беріледі. Ал қыздардың киімінің үстінен көйлек немесе халат кигізіледі. Ер адамдар серіктес әйелінің үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып шығуы тиіс.
Жаңажылдық тілектер сайысы
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.
"Күлдіргіш"
Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша т. б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: "- Сен кімсің? - Шырша. - Бүгін қандай мейрам? - Мұз. - Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) - Ойыншық. Әрбір ойыншы барлық сұраққа ө

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: