Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
Қызықты ойын
Қатысушыларға ақша купюрасы таратылады. Ойыншылардың мақсаты - 3 рет үріп, ақшаны алысырақ жылжыту керек. Бір үргеннен кейін, ақша түскен жерге жақындап, тағы үреді. Кімнің купюрасы алысырақ ұшса, сол жеңеді. Қаласаңыз, купюраларды команда болып, эстафетамен жылжытуға болады.
Әліппе
Жүргізуші: "Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?" - дейді. Ойыншы "А" әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А - Ақшақардай сұлу болайық. Ә - Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б - Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады.
"Қар қызын/еркегін жасаймыз"
Егер жаңа жыл түні жерде қар жатса, қонақтарға сыртта ойын ойнауды ұсынуға болады. Барлық ойыншылар (ер адамдар болғаны жақсы) бірнеше топқа бөлініп, әрбірі Қар қызын жасауға тапсырма алады. Әдеттегі қардан жасалған мүсін емес, әдемі қыз бейнесі болуы шарт. Сұлу қыз дене пішінін келтірген топ жеңеді. Мысалы, Қар қызын жасау үшін әйел киімін де қолдануға болады, т. с. с. Дәл осылай әйел адамдар да ойнай алады. Бірақ олар жаңа жылда кездестіргісі келетін арманындағы жігітті жасауы қажет.
Сыйлықтарға толы қорап
Жаңа жылға мынадай кішігірім әзіл ұйымдастыруға болады. Жаңа жылды тойлайтын бөлменің бұрышына үстіңгі беті бар, түбі жоқ қорап қойып қойыңыз. Оны әдемі лентамен байлап, "Мерекеңізбен" деп жазып қойсаңыз да болады. Ал ішіне кәмпитті толтырып салыңыз. Ең бастысы, қорапты жоғары бір жерге қойыңыз, шкафтың үстіне болса тіпті жақсы. Алдайтын адамыңыз бөлмеге кіргенде, оған арналған сыйлық шкафтың үстінде екенін айтыңыз.

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: