МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІТақырыбы: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын, аталар.
Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
(ортаға балалар шығады).
Жүргізуші:
-Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен амандасып алайық!
Қош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз - алаңсыз балғын шақты балалар!
(Қол ұстасып шыршаны айналып, өлең айтады. )
"Аппақ, аппақ жапалақтап".
Жүргізуші:
- Қане, балалар, осы Жаңа жыл мерекемізде кім жетіспейді?
- Аяз ата мен Ақшақар!
- Ендеше, ортаға Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
(Аяз ата сөздері)
(Балалардың тақпақтары)
1. Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
2. Келді Аяз-атамыз,
Қызыққа әбден батамыз.
Оянды әне, Ақшақар,
Қарсы аламыз баршамыз.
3. Жауды міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ,
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
4. Қызыл алма шапаны,
Сағындым Аяз-атаны.
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге ойыншық берсе екен.
5. Ойна, ойна, ойнайық.
Биле, биле, билейік.
Ән-шашуын мол шашып,
Қызығына тоймайық.
6. Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ен жарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық.
7. Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақшақар.
8. Әлде қарлы бо
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>