ранды
Тау басына түсті ме?
Аяз-ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз-ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Жүргізуші:
- Қандай әсем шырша, әдемі ойыншықтар, көрдіңдер ме?
- Ал, енді, балалар, Ертегіге баратын уақыт келді. "Шалқан" ертегісін сахналаймыз.
Шамиль - ата, Ерасыл - апа, Дамир - қыз, Айсұлтан - ит, Жеңіс -мысық, Рахат, Нұрболсын, Бақпер - тышқан.
Жүргізуші:
- Келесі кезекті шағын орталық балаларының тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1. Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
2. Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Жаңа жылда, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
3. Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
4. Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
5. Қуант бізді таңырқап,
Шамдарыңды жарқырат.
Тастайық,
Жаңа жыл тойын бастайық.
6. Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
7. Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық.
8. Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым
Бір жасқа енді.
Жүргізуші:
Алдарынызда шағын орталық балаларынын "Қара жорға" биі. Ду қол шапалақ!!
Жүргізуші:
Келесі ойын-жұмбақ!
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң - қолың тонады. (қар)
2. Әсем ою ояды,
Көркем сурет салады.
3. Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)
4. Қанттай ұсақ, сүттей ақ.
Не екенін ойлап тап. (қар)
5. Түнде әйнекке қонады,
Әсем ою ояды. (Аяз)
6. Ең айлакер жануар? (түлкі)
7. Ең қорқақ жануар? (қоян)
8. Балды жақс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>