ті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық. Тапсырма: тапсырманы орындау кезінде "Ең кішкентай, орташа, ең үлкен" сөздерін дұрыс қолдануға дағдыландыру керек .
Сурет бойынша әңгімелесу. Оқушылар суреттерге қарап мұғаліммен бірге суреттеп айтып береді. Суреттерді бояу. Пазл.
V. Бекіту.
"Үй тұрғызайық" ойыны.
Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен-кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.
Керекті материалдар. Әрбір балада үлкен-кішілі үйдің бөлшектері (төбесі, есігі, терезесі т. с. с). Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады.
Тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастыру.
Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін, үлкен-кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік "ағаш ұстасын" атайды.
Сұрақ-жауап,ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
VI. Қорытынды.
Үлкен, кіші деген ұғымдармен танысып, сурет бойынша суреттеп айтып, көрсетіп беруді үйрендік.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.
Страницы: << < 2 | 3 | 4