Сабақтың тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау. Үлкен, кіші.
Сабақтың мақсаты:
1. Айналадағы заттардың орналасуын үлкен, кіші түсіндіру.
2. Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту, тақырып бойынша сөздік қорын молайту.
3. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор.
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, ондағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Сынып бөлмесінің терезелері қандай? (Үлкен).
Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектептің іші қандай? (Биік, үлкен).
III. Жаңа сабақ. Кеңістікті бағдарлай алу туралы түсініктерін қалыптастыру. Заттардың кеңістікте үлкен және кіші орналасу орнын анықтау, ажырата білуге үйрету. Суреттер көрсету. Суретке қарап заттардың орналасуын ( үлкен, кіші) көрсетіп айтып беру.
а) Суретпен жұмыс.
1. Бала суреттегі екі үйді салыстырады. Мұғалімнің қойған сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады,т. б.
2. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі -- үлкен, екіншісі -- кіші. Үлкенінің бойы -- кішісінен (немесе інісінен) биік, інісінің бойы -- аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісінікі ағасына т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>