ар болатынын сұрақ-жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы -- үлкен доппен, інісі кіші доппен ойнайды. Үлкен доп -- футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажеттігі айтылады.
Доптар бір-бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ, киімдердің ұзын-қыскалығы, кең-тарлығы, үлкен-кішілігі айтылады.
IY. Сергіту сәті: Мынау, мынау ортаң қол,
Кішілерге қамқор қол,
Төртеуінің ағасы,
Білектің үлкен баласы.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбер: "Кел, балалар күлейік"
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
" Үлкен-кіші" жаттығуы. Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген декоративтік таблица. Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Түрлі декоративті бейнеленген суреттерді картоннан немесе фанерадан ойылып алынған фигуралары қойып салыстыру. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдайымен салыстыра білуді үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды дамытады. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.
IY. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
Альбоммен жұмыс: Суреттерді су бояумен , түрлі-түсті қарындаштармен бояу.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Ша
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>