Кеңістікте бағдарлау. Қозғалыс бағыты
Мақсаты: оқушылардың кеңістік туралы (жоғарыда-төменде,оң жақта- сол жақта, алдында-артында, арасында-жанында) туралы түсініктерін қалыптастыру; нақтылау
Күтілетін нәтижелер: - заттарды кеңістікте бағдарлай алады.
- Сыни тұрғыда ойлай отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Керекті жабдықтар: сюжетті суреттер
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Кіріспе. - Амандасу, топқа бөлу. Психологиялық дайындық.
Пішіндерге байланысты топқа бөлінеді.
Әр топ өздеріне топ басшысын сайлайды. Оқушылар амандасады. Топқа бөлінеді.
Негізгі бөлім.
1. "Ой қозғау".
"Артық затты тап" ойыны
Заттар мен заттардың топтарын салыстыру
Практикалық жұмыс: оң қолыңды көтер, сол жақ шекесіне қолын тигізу
2. Оқулықпен жұмыс.
1. Әңгімелеу
Сұрақ қоюарқылы заттардың кеңістіктегі орнын анықтайды
Үйдің алдында не бар?
Балалардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде, қайсысы әткеншек тепті?
Әткеншектің алдында кім бар?
Әткеншекке жақын тұруға бола ма?
Қыздың артынан сырғанауға дайындалған баланы тап?
2 "Не қайда?" жаттығуы "жоғарыда", төменде, алдында, артында, оң жақта, сол жақта" сөздерін өз беттерінше қолдану
Сергіту сәті:
"Керісінше" ойыны.
3оқушылардың зейінін дамытуға арналған тапсырма. Оң жақ пен сол жақты дұрыс ажырата білуге баулу
Дәптермен жұмыс
1. Қарындашпен орындау
2. Графикалық, торкөздерге дұрыс жазу дағдыларын дамыту.
"Түйенің ізі" өрнегін салуды ұсыну
Өрнекті үзік сызықтармен, толық сызықтармен сызып, бояу
3 бағытты көрсетіп тұрған бағдаршаны сәйкес түспен бояу керек.
4 "Лабиринт" қозғалыс бағытын дауыстап айта отырып, алып жүр
Страницы: 1 | 2 > >>