Әкеге қарап ұл өсер
Жарияланды 2-12-2013, 20:10 Категориясы: Тәрбие сағаты
Әкеге қарап ұл өсер
"ӘКЕ, мұның бәрін қайдан білесің?" Ұлыңыздың осындай сұрақ қойып, сізге таңғалған кездері болған ба? Сондай сәттерде әке болғаныңызды мақтан тұтқан шығарсыз. Ал ұлыңыз айтқаныңызға құлақ асып, соның пайдасын көрген кездері, қуаныштан төбеңіз көкке жеткен болар Алайда ұлыңыз есейгеннен кейін де, сізді өнеге тұта ма? Әлде оның сізге деген құрметі азайғандай көріне ме? Ер жетіп келе жатқан ұлыңызға қалай жақын болып қала аласыз? Алдымен, әкелер кезігетін кейбір қиындықтарды қарастырайық.
УАҚЫТТЫҢ ЖЕТІСПЕУІ. Көп елде отбасындағы табыстың басым бөлігін отағалары табады. Бұл үшін олар жиі ертеден қара кешке дейін жұмыс істейді. Кейбір елдерде әкелер балаларымен тым аз уақыт өткізеді.
МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: Ұлыңызбен бірге қанша уақыт өткізіп жүрсіз? Келесі бір - екі аптада күніне оған қанша уақыт бөлетініңізді неге байқап көрмеске? Нәтижесі сізді бейжай қалдырмас.
Ұл бала әкесіне еліктегіш келеді. Сондықтан оған кішкентай кезінен бастап үлгі - өнеге көрсеткен жақсы. Мұны қалай істеген дұрыс? Балаға көңіл бөлу үшін уақытты қайдан табуға болады?
Ұлыңызды күнделікті үй шаруаларына мүмкіндігінше көбірек қатыстырыңыз. Мысалы, ауланы сыпырып жатсаңыз, оған кішігірім сыпыртқы, ал жер қазып жатсаңыз, күрекше беріп қойыңыз. Үлгі тұтарлық көсемі -- әкесіне көмектескені ұлыңызды зор қуанышқа бөлейтіні сөзсіз!
Әрине, шаруаңызды бітіруге әдеттегіден көбірек уақыт кететін шығар, бірақ есесіне ұлыңызды еңбекқор болуға үйретесіз әрі онымен қарым - қатынасыңыз нығаяды. Балаңызды еңбекке баулумен қатар, бірге ойнауға да уақыт тапқаныңыз жақсы. Мұның пайдасы көңіл көтерумен ғана шектелмейді. Зерттеулер көрсеткендей, әкелер кішкен
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>