Әкеге қарап ұл өсер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

ін арттырады. Тірлікті ойдағыдай атқарған кездері мен оны мақтаймын. Істегені ұлымның көңілінен шықпаса да, күш салғаны үшін риза екенімді айтамын".

Ұлыңыздың өзіне деген сенімділігін арттырудың тағы бір жолы -- үлкенірек мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу. Алайда ұлыңыз қойылған мақсаттарға сіз қалағандай тез жетпесе ше? Ал оның мақсаттары негізінен жаман болмағанмен, сіздің көңіліңізден шықпаса ше? Мұндай жағдайда өз көзқарасыңызды өзгертуіңіз қажет болар. Мен ұлымды қолжетерлік мақсаттар қоюға талпындырамын. Алайда бұл мақсаттардың менің емес, онікі болғанын қалаймын. Сондай - ақ ұлымның оларға өз қарқынымен жүріп отырып, қол жеткізуі керектігін жиі есіме салып отырамын". Ұлыңыздың пікіріне ден қойып, жетістіктері үшін мақтап, кемшіліктерімен күресуге талпындырғаныңыз қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесері сөзсіз.

Ұлыңызбен қарым - қатынасыңызда түсініспеушіліктер туындап тұратын шығар. Бірақ түбінде оның сізге жақын болып қалғысы келері шүбәсіз. Расында да, өзіне қолдау көрсететін адамға кім жақын болғысы келмейді?!
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі - ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің (1/4) бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: