Әкеге қарап ұл өсер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

тай балаларымен ойнайтын болса, бұл олардың тапқыр, пысық әрі батыл болып өсуіне көмектеседі.

Бірге ойнау бұдан да маңызды нәрселерге септігін тигізеді. "Бала мен әкенің еркін сөйлесуіне ойынның қосар үлесі көп"Иә, мұндай сәттерде әке баласына сөзімен де, ісімен де жылулық танытып, оны да өз сезімдерін білдіруге үйрете алады. Ұлыңызға жақындай түсудің тағы бір мүмкіндігі -- ұйықтар алдындағы уақытты пайдалану. Балаңызға әңгіме оқып беріп тұрыңыз, сондай - ақ оның сол күнгі қуанышы мен уайымына ортақтас болыңыз. Осылай еткеніңіз өсіп келе жатқан ұлыңыздың әрі қарай да сізге еркін жақындауына көмектеседі.

Әкелері сөйлескісі келгенде, кейбір жасөспірімдер бұдан тартынатындай көрінуі мүмкін. Сіздің ұлыңыз да сұрақтарыңыздан жалтарғандай көрінсе, бұл оның сізбен мүлдем әңгімелескісі келмейді дегенді білдірмейді. Балаңызға бейімделіп сөйлейтін болсаңыз, оның сізбен әңгімелесуге деген ықыласы артуы мүмкін.

"Әке, қара, қарашы!" Жаңа істі меңгерген кішкентай ұлыңыздың қуаныштан осылай айғайлаған кезі болған ба? Ол қазір жасөспірім болса, әлі де сіздің қолпаштап отырғаныңызды қалай ма? Бәлкім, солай етуден қалған шығар. Алайда байсалды адам болып өсуі үшін сіздің қолдауыңыз оған аса қажет. Әрине, сіз ұлыңызға тәлім - тәрбие беріп, жөнге салып отыруға жауаптысыз. Кейбір ер кісілерге балаларына жылулық танытып, демеу көрсету оңай емес. Бәлкім, кезінде олардың ата - аналары мақтаудың орнына, қателіктеріне нұсқау берген шығар. Сіздің де жағдайыңыз осындай болса, ұлыңыздың өзіне деген сенімділігін арттыру үшін біраз күш салуыңыз қажет болар. Бұл үшін не істеу керек? Кейде мен шаруаны ұлыма тапсырамын да, қажет болса көмектесетінімді айтамын. Көп жағдайда ол шаруаны өзі - ақ тындырады, әрі бұл оған қанағат әкеліп, өзіне деген сенімділіг

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: