Кеңес Балабақшада таңертеңгілік гимнастиканы өткізу темпі және әрбір жаттығудың орындалуы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ан жүруден қайта бір орында секіруді жалғастырады.
Жалпы жетілдіруші жаттығуларға түрлі дене шынықтыру құралдарды пайдалануға болады: желбіршектер, жіп, текшелер, доптар, құрсау.
Таңертеңгі гимнастика ұзақтығы: 6-8 минут.
Кешендік жаттығулар 4-5 жаттығудан тұрады.
Жаттығулардың қайталануы: 5-6 рет.
5-6 жастағы балаларға арналған таңертеңгілік гимнастика
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар жалпы жетілдіруші қимылдарды жақсы меңгереді, олар тәрбиешінің ұсқауымен тапсырмаларды өз бетімен орындай алады. Сондықтан таңертеңгілік гимнастиканы өткізу әдістері күрделене түседі. Еліктеу жатттығулары сирек кездеседі, ал құралдар көбірек қолданылады. : құрсаулар, таяқшалар, доптар, жіп; балалар жаттығуды бірдей екі затпен орындай алады.
Таңертеңгі гимнастика зейінге арналған түрлі жүру тапсырмаларымен басталады – мысалы, белгі бойынша жүру бағытын өзгерту.
Жалпақтабандылықтың алдын алу үшін аяқтың басымен, өкшемен жүруді қолдану жалғасады. Табанға арналған жаттығудың жаңа түрі енгізіледі – аюша жүру, - жай темпте орындап, балалардың дене сымбатына, келбетіне ерекше көңіл бөлінеді: арқаны тік ұстап, алға қарау, қолды екі жанына созу немесе белге ұстау (күрделендіру үшін).
Таңертеңгі гимнастикаға жүгірудің күрделі түрлері қосылады – кең
адымдап, темпті жылдамдату және баяулату, бағытты өзгерту. Жүгірудің күрделі түрлері кешеннің басында беріледі де, жаттығу кәдімгідей жүгірумен аяқталады.
Секіру түрлері:
- Қос аяқпен алға жылжи;
- Оң , сол аяқпен кезек-кезек;
- Аяқ бірге, жан-жаққа.
Таңертеңгі гимнастика ұзақтығы - 8-10 минут.
Кешендер 5-6 жаттығулардан тұрады.
Жаттығулардың қайталануы: 6-8 рет.
6-7 жастағы балаларға арналған таңертеңгілік гимнастика
Мектепке даярлық топтары балаларының қимыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: