Кеңес Балабақшада таңертеңгілік гимнастиканы өткізу темпі және әрбір жаттығудың орындалуы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Балабақшада таңертеңгілік гимнастиканы өткізу темпі және әрбір жаттығудың орындалуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене дамуының ерекшелігін ескере отырып жаттығулардың орындалу темпін бірте-бірте азайтамыз. Мысалы, жүгіруден кейін бастапқыда бірте-бірте ақырындатып жылдам жүру, ал секіруден кейін бір орында жүру ұсынылады. Ағзаны тыныштық күйге түсіру үшін жүктеме бірте-бірте көбейтіледі және азайтылады. Сондықтан таңертеңгілік гимнастикадан кейін дем алу жаттығуларын өткізу міндетті емес, өйткені тағы да жүктеме көбейе бастап, жүрек бұлшық еттері жұмыс жасай бастайды.
Таңертеңгілік гимнастиканың өте пайдалы екендігіне қарамастан, мектеп жасына дейінгі балаларға – белгілі бір бастапқы қалыптар мен жаттығуларды таңдауда оның қарсы көрсетілімдері де бар.
1. Ұсақ бұлшық еттерді нығайтуға арналған қимылдар (саусақ, қол
буындары) ірі бұлшық еттер топтарына арналған жаттығулардың ішіне кіреді, бөлек берілмейді. Мысалы, жұдырықты түю қолдарды екі жаққа не жоғары созумен бірге беріледі.
2. Жаттығулар балаларды шаршатпайтын және шамадан тыс жүктеме түсірмейтіндей есеппен таңдалып алынады. Біржақты, бірдей жаттығулар қолданылмайды. Бүкіл дене немесе оның бөліктері бір қалыпта ұзақ уақыт тұрып қалмауы тиіс (мысалы, қолды ұзақ алға созып ұстап тұру ). Мұндай жүктемеден сүйектер мен бұлшық еттердегі қан айналуы бұзылып , бұлшық ет шаршауы пайда болады.
3. Күш түсіретін жаттығулар берілмеуі тиіс, мысалы орындыққа сүйеніп екі қолды бүгу, бұл кезде денедегі барлық бұлшық еттер жұмыс істейтіндіктен, иық бұлшық еттеріне, тыныс алу, баланың жүрек-қан тамыр жүйесіне көп жүктеме –күш түседі, бұл сөзсіз зиянды.
4. Балақайлар жаттығуды тұтастай қабылдайды, сондықтан мектепке дейінгілерге арналған гимнастика негізінен ірі бұлшық ет топтарының белсенді жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: