Көбейту және бөлу

Страницы: 1 | 2  >  >>







Көбейту және бөлуді қайталау









Шабденова А. Б


Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлуді қайталау.
Сабақтың міндеті: өткен сабақта алған білімдерін қайталау , пысықтау.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: есептерді шығару білігін, есептеулер дағдыларын арттыру.
Дамытушылық:логикалық есептердің адам өмірінде тиімділігін дәлелдеп, қазіргі кезде олардың қолдану жайында анықтау және әр сабақта, кез-келген уақытта қолдана білуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа, ұжымдағы ауыз біршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы
Сабақтың типі: Қайталау
Сабақтың әдістері: түсіндіру, топтық жұмыс, талдау, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
І. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
Ә) психологиялық дайындық
Күлім қағып қолымды
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме ,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен,
Маңдайыңнан сипайын.
Құшақтасып өзіңмен,
Амандасып алайын.
Негізгі бөлім:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :
9 тапсырма ауызша тексеріледі,бекітіледі.
ІІІ. Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою.
ІV . Ақпаратты қайта айту және оның қолданылатын жаттығулары арқылы iс-әрекеттің түрлерiн меңгертудi ұйымдастыру. Дәптерге күн ретін жазу. Таза жазу жолына 215 , 1374 сандарын әдемілеп жазып шығу. Оқулықпен жұмыс. 1 тапсырма төрт топқа бөлініп беріледі. Оқушылар өз беттерінше дәптерде орындап , ауызша тексереді. Топ мүшелерінің дұрыс орындауларына қарай ұпайлар беріледі . Оқушылар бір - бірін бағдаршам көздері арқылы бағалап отырады (жасыл көзі -5, сары - 4, қызыл к

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: