Құрманқұлова Әсем Арапқызы
қазақ тілі мұғалімі
«Петушок» бөбекжай –бақшасы
Петропавл қаласы
Ортаңғы топта ұйымдастырылған іс-әрекеттің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас, таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Қазақ тілі, айналамен танысу»
Тақырыбы: «Қызыл телпекке көмек»
Мақсаты: 1) білімділік: жемістер мен көкөкністерді еске түсіріп қайталау, бекіту, оларға сипаттама беру
2) дамытушылық: ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
3) тәрбиелік: бір-бірін тыңдауға, табиғатты сүйюге тәрбиелеу
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, көрсету, ойын
Көрнекіліктер: сиқыршының таяқшасы, жемістер мен көкөністердің суреттері, муляждары, себет, қуыршақ, қасқырдың маскасы, ағаштар мен
Әрекет кезеңдері
Әрекет барысыМұғалімнің іс-әрекетіБалалардың
іс- әрекеті
Мотивация-лық
қозғаушы
Шаттық шеңбері
Сәлемдесу шеңбері:
Қызығушы-лықтарын ояту:Тәрбиеші балаларды төмендегі өлең жолдармен шеңберге тұрғызады:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Балалар, біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша. Достарым, қараңдаршы бізге қаншама көп қонақтар келіпті, олармен біз қалай амандасамыз?
Жарайсыңдар, ал енді алтын күнмен, Жер Анамен, бір –бірімізбен де амандасайық.
Амансың ба, Көк Аспан,
Амансыңба, Жер – ана.
Амансыңдарма, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
- Қалдарың қалай?
- Балалар, бүгін мен сиқыршы боламын. Қазір біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Мен сыйқырлы таяқшаммен белгі берген кезде сапарымыз басталады. 1,2,3 (жағымды әуен жүреді, ағаш, жер, жеміс, көкөністер қойылады)
- Мына жер қандай тамаша!
Осы кезде себет
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>