гикалық ойлуды қажет ететін сұрақтар қояды. Мысалы: Бір адамда неше аяқ болады? Үш мысық болыпты, біреуі сұр кетіп қалыпты, екіншісі қара түсті екен. Үшінші сары мысық құстарды қуып кетіпті. Қандай түсті мысық қалып қойды? Бір бөлмеде әр бұрышты бір мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық бар? т. с. с
25. "Қай ойыншық жетпей тұр?"
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: ойыншықтардың суреттері.
Ойын барысы: Балаларға ойыншықтардың көп суреттері беріледі. 1 мин ішінде балалар мұқият қарайды, уақыт өткеннен соң балалар көздерін жұмады, педагог бір немесе бірнеше суретті алып тастайды. 1,2,3 дегенде балалар көздерін ашып қай ойыншық жетпей тұрғанын айтады.
26. "Сандарды толықтыр"
Мақсаты: сандарды қайталау.
Ойынның құрал-жабдықтары: сандар.
Ойын барысы: Педагог балаларға екң сан айтады. Мысалы: 2-4. Балалар сандарды орналастырады, ортасында қандай сан жетпей тұрғанын айтады.
27. "Кім бірінші атайды?
Мақсаты: Заттарды санау, жылдам ойлау дағдыларын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі суреттер.
Ойынның барысы: Педагог балаларға сурет көрсетеді. Балалар заттарды санайды, пішінін, түсін атайды. Мысалы: үш сары түсті банан, бес жасыл түсті алмұрт.
28. "Кімнің бойы биіктеу екенін айт"
Мақсаты: биік-аласа түсініктерін бекіту, салыстыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер.
Ойынның барысы: Балалар суреттегі заттарды салыстырады.
29. "Қайсысы артық?"
Мақсаты: балалардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер.
Ойын барысы: Балаларға үлестірмелі қағаздар беріледі. Әр қағазда бірнеше сурет бар, балалар мұқият қарап артық затты табады да атайды, себебін дәлелдейді.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>