Картотека дидактических игр по ФЭМП

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

. Ретімен айтады.
14. "Қуыршаққа қонаққа дайындалуға көмектес"
Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей заттарды салыстыруға үйрету, білгенін бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі қағаз жолақтар.
Ойын барысы: Қуыршақ қонаққа барғысы келеді. Оған әдемі бантик керек екен. Балалар қуыршаққа ең әдемі, ең ұзын лентаны табуға көмектеседі. Жолақтарды үстіне қою әдісі арқылы салыстырады.
15. "Сандарды таны"
Мақсаты: сандар туралы алған білімдерін бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: сіріңкенің қорапиарына жазылған 1 ден 10 ға дейінгі сандар реті.
Ойын барысы: Балалар сандарды өсу ретімен орналастырады. Мұқият қарап шығып жетпей тұрған санды атайды
16. "Сана"
Мақсаты: сандарды қайталау, жылдам әрі дұрыс санауға дағдыландыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: көкөністер мен жемістердің суреттері.
Ойын барысы: Балалар суреттегі көкөністер мен жемістерді санайды. Қайсысы көп екенін айтады.
17. "Кім жылдам құрастырады?"
Мақсаты: пішіндерді қайталау, логикасын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер, үлгі суреттер.
Ойын барысы: Балаларға пішіндер беріледі. Балалар үлгідегі суретке қарап өздігінен өрнек құрастырады.
18. "Бұл не екенін ойлап тап" (геометриялық пішіндер)
Мақсаты: Балалардың білімдерін кеңейту, тілдерін жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: кілем суреттері, пішіндер.
Ойын барысы: Балаларға кілемнің суреті беріледі. Балалар кілемге қандай пішінді жжамау жетпей тұрғанын айтады, орналастырады.
19. "Зат қандай пішіндерден тұрады?"
Мақсаты: Пішіндерді қайталау, оларды ажырату, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішінде, үлгі сурет.
Ойын барысы: Балаларға үлгі сурет бері

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: