даштар.
Ойын барысы: Балаларға үлестірмелі қағаздар беріледі. Әр қағазда суреттің бір жартысы салынған, балалар суретке қарап не бейнеленгенін табады да екінші жартысын салады.
8. "Суреттің жалғасын тап"
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: жартыға бөлінген суреттер
Ойын барысы: Балалар үстелдің үстіндегі суреттердің екінші жартысын табады, затты атайды. Ұқсас заттарды топтастырады.
9. "Үстінде, астында, алдында, артында, сол жақта, оң жақта"
Мақсаты: кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Ойын барысы: Балалар суретте бейнеленген доп, мысық, көліктің қай жерде орналасқанын айтады.
10. Барлығы қанша?"
Мақсаты: заттарды санау, сандарды жазу.
Ойынның құрал-жабдықтары: үлестірмелі қағаздар, қарындаштар.
Ойын барысы: Балалар суреттегі заттарды санайды, тиісті санды жазады.
11. "Кімге қанша?"
Мақсаты: реттік санауды бекіту, қимылдарды санау.
Ойын барысы: 1,2,3 кеттік енді секіріп,
Шапалақтап, топылдатып.
Қоян келді секіріп 3,4,5
1,2,3
12. "Қай ойыншық тығулы тұр?"
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: ойыншықтардың суреттері.
Ойын барысы: Балаларға ойыншықтардың көп суреттері беріледі. 1 мин ішінде балалар мұқият қарайды, уақыт өткеннен соң балалар көздерін жұмады, педагог бір немесе бірнеше суретті алып тастайды. 1,2,3 дегенде балалар көздерін ашып қай ойыншық жетпей тұрғанын айтады.
13. "Апта күндері"
Мақсаты: Апта күндерін қайталау.
Ойынның құрал-жабдықтары: апта күндерінің атауы жазылған қағаздар, сандар.
Ойын барысы: Балалар сандарды апта күнінен сәйкес орналастырады
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>