рге алғаш ағылшындар мен шотландықтар қоныстанған болатын ХҮІІІғ. едәуір күшті Англия Канаданың басым бөлігін басып алды. 1763 ж. Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті. Француз жері Квебек провинциясы деп атала бастады.
Канаданың қазіргі шекарасы XIX ғ. 70- ші жылдары қалыптасты, ал Ньюфауленд аралы ел құрамына 1949 ж. енгізілді. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Канада - 10 провинция мен 2 аумақтан тұратын парламенттік конфедерация.
З. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Климаты аса қатал болатын елдің солтүстік бөлігінде Канада Арктикалық топ аралы мен жағалық жазықтар орналасқан. Бұл аймақтың көпшілік бөлігінде тұрғын халық мүлде жоқ. Соңғы жылдар мұнда алтын, темір, уран және мұнай кен орындары табылған. Табиғат жағдайларының қаталдығына және тұрғын халықтың сирек орналасуына байланысты бұл кен орындары жаңадан игеріле бастады.
Елдің Ұлы көлдерден Сеңгір тауларға дейін созылған солтүстік - батыс бөлігін - прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
ХХг. 20 ж- ры Альберта провинциясында мұнайдың мол қоры табылды. Қазіргі і кезде бұл ауданнан никель, мыс, калий тұздары да өндіріледі.
4. Канада халқының саны 32,2 млн. адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр - шаршы км- ге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша біркелкі орналаспаған. Табиғат жағдайлары өте қолайлы оңтүстік - шығыста 1 кв. км- ге 100 адамнан асады. Жалпы, Канада халқының 2/3 бөлігі елдің АҚШ - пен шекаралас оңтүстігіндегі ені 150 км - лік алапта тұрады. Елдің солтүстігінде 20 - 25 км. кв. аумаққа 1 тұрғыннан ғана келеді, ал Канада Арктикалық топ аралына енетін аралдардың көпшілігінде адам қоныстанбаған.
Елдің байырғы х
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>