барысында қалған оқушылармен "Географиялық шағын әңгіме" құрау арқылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы сыртқы экономикалық
және мәдени байланыстар туралы әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. Үй тапсырмасын және меңгеріп, сабаққа белсенді араласқан оқушыларды "Бағалау парағына" түсіріп отыру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Білу. Жаңа тақырып жоспары:
1. Канада туралы жалпы түсінік
2. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
З. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
4. Халқы.
Түсіну. Тақырып бойынша алған білімдерін жоспар бойынша пайдаланып,нақты түсінік қалыптастыру.
"Есте сақтау үшін" стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді дәптерге түсіріп алу.
1. - Канада жерінің ауданы - 9млн. 970мың км. кв.
- Халқы - 32,2 млн адам (2004ж. )
- Астанасы - Оттава
- Мемлекеттік кұрылымы - Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация
- Мемлекеттік басшысы - Британия королевасы
- Үкімет басшысы - премьер- министр
- Заң шығарушы органы - екі палаталы парламент
- Мемлекеттік тілі - ағылшын және француз тілдері
- Ұлттық валютасы - канада доллары
- Әкімшілік - аумақтық бірлігі - провинциялар мен аумақтар
Канада - дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейінгі екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Елдің солтүстік бөлігі Канада Арктикалық топ аралындағы (архипелаг) аралдарды қамтыса, оңтүстігі мен солтүстік - батысында Америка Құрама Штаттарымен шектеседі.
2. Х ғ. Қазіргі Канаданың аумағына енетін жерлерге алғаш аяқ басқан еуропалықтар - исландиялық викингтер жергілікті үндістердің тегеурініне шыдамай кері оралуға мәжбүр болған. Еуропалықтардың қазіргі Канада жеріне қоныстануы ХҮ - ХҮІ ғасырларда басталды. Ньюфауленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысындағы жерле
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>