Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: поэманың мазмұны негізінде Қалқаман-Мамыр бейнесін ашу. Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру
Ә) Тәрбиелік: оқушыларды поэмадағы кейіпкердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу
Б) Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, пікір айту, топтық, жұптық жұмыс түрлері, «Алтын сақа» ойыны арқылы жырды талдау
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, шығармалар жинағы, сұрақтар салынған конверт, асық, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру, өткен сабақта берген материалды сұрау
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Сабақтың жоспары:
1. Іздендіру бағытындағы жұмыстар (сұрақ-жауап, еске түсіру)
2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының мазмұнын талдау, жинақтау жұмыстары
а) шығарманың композициялық құрылысына талдау
ә) шығармаға аннотациялық талдау
б) көркемдік тіліне талдау
І. Қызығушылықты ояту
Балалар, қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім өмірі, шығармашылығы туралы өткен сабағымызда толық танысқанбыз. Енді бүгін өздерің мазмұнымен танысып келіп отырған «Қалқаман-Мамыр» поэмасына толық талдау жұмыстарын жүргіземіз. Махаббаттың қос шынары – Қалқаман мен Мамыр болса, олардың ортасына тікен болып қадалушы батыр Көкенай образдарына екі жақты баға бере отырып, толық талдайтын боламыз.
Жыр желісі бойынша мын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>