мыр «Бүрсігүннен арғы күн болады алыс»,- деді?
Келесі асу «Қозыкөш». Асығы бүгінен түскен ойыншы келесі асуға өтпейді.
1. Орта жүзге үлгі болған ғұлама, би Әнет бабаның сол кездегі жасы нешеде еді?
2. Қалқаман мен Мамырды құтқару барысында Әнет баба әр түрлі амалдар ойлап табады. Ол қандай айла, әрекет?
3. Көкенай дегеніміз кім? Жырда оны қалай суреттейді?
«Беласарға» екі оқушы шығады.
1. Қалқаманды атамыз деп шешім қабылдаған сәтте қандай жүйрікке мінгізді?
2. Өлімнен аман қалған Қалқаманға ауыл бозбалалары ат шаптыртып, той жасайық дегенде Қалқаман не дейді?
«Жерұйық» . Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар бір ойыншымыз шығып, өзіне тиесілі ұпайын алады.
Сұрақ: Көкенай Мамырды атқан кезде Мамыр оған қандай ақтық сөз айтады?
ІІІ. Ойқозғау. Пікір алысу.
Балалар, жыр бойынша біз көптеген жұмыстар жүргізіп, сәтті қадам жасадық. Енді кейіпкерлер тағдырына үңілейікші. Басты кейіпкерлер туралы өз пікірімізді ашық айтып, мынадай сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырайық.
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?
2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда оны батыр деп суретейді. Оның батырлығы жырда көріне ме?
3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па?
Қорытынды сөз.
Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол заманда әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан. Заман сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің де мақсаты сол. Ол да заманның қатаң қағидасына қарсы, наразы.
Бүгінгі сабақтан алар тәліміміз:
Ата салтын аттауға болмас,
Жүрек қалауын тастауға да болмас.
Үй тапсырмасы: «Егер мен Қалқаман болсам. . .
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>