iлiгiнiң өзгерiп таралуын түсiндiру Гюйгенс-Френель принципiне негiзделген. Бұл принцип былай дейдi :
1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi болып табылады
2. Бұл жаңа толқын көздерi бiр-бiрiне когеренттi. Ал кеңiстiктiң кез-келген нүктесiндегi жарықтың интенсивтiлiгi осы когеренттi жаңа көздерден тараған толқындардың интерференциясының салдары болып табылады.
Тамаша оптикалык прибордың -- дифракциялық тордың құрылысы дифракциялық құбылыска негізделген. Дифракциялық тор толып жатқан өте жіңішке, мөлдір емес аралықтармен бөлінген көптеген саңылаулар жиынтығы болып келеді (182-су-рет). Жақсы тор шыны пластинаға параллель штрихтар сызылған арнаулы бөлгіш машинаның көмегімен жасалады. 1 мм-дегі штрихтар саны бірнеше мыңға жетеді, штрихтардың жалпы са - ны 100 000-нан асады. Екі шыны пластинаның арасына қыстырылған осындай тордан желатинге түсірілген көшірме оңай жа - салады. Сапа жағынан ең жақсысы -- шағылдырғыш торлар деп аталатындары. Олар жарықты шағылдырғыш және оны шашыраткыш бөліктердің кезектесуі болып табылады. Жарықтың шашыратқыш штрихтары кескішпен металл пластинаның тегіс өңделген бетіне сызылады.
Егер мөлдір санылаулардың (не шағылдырғыш жолақтардыц) ені а, ал мөлдір емес аралыктың (не жарықты шашыратқыш жолақтардың) ені в болса, онда da в шама тордың пе - риоды деп аталады.
Дифракция - лык тордың элементар теориясын қарастырайық. Торға ұзындығы λ жазық монохромат толқын келіп түссін.
Саңылаулардағы екінші реттік жарық көздері барлык бағытка тарайтын жарық толқындарын шығарады. Саңылаулардан келетін толқындар бірін-бірі күшейте түсетін шартты табайык.
Ол үшін φ бұрышымен анықталатын бағытпен тарайтын толқындарды қарастырайык. Көршілес саңылаулардың шеттерінен есептелген т
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>