р:
Дифракция және интерференция құбылыстарын оқып- үйренуге байланысты толқындарды сипаттайтын негізгі шамалар мен түсініктерді терең игеру;
Дифракция және интерференция құбылыстарын оқып- үйренуге байланысты оқушылардың оқылатын құбылыстың физикалық табиғат- заңдылығын терең түсініп- меңгеруі және оны түрлі есептер шығаруда, зертхана- практикум жұмыстарын орындауда тиімді қолдана білуі.
Оқушылардың дифракция және интерференция құбылыстарын оқып- үйренуге байланысты қарапайым физикалық эксперименттерді жоспарлап, өткізе білуі және оның негізінде эксперименттік есептер құрастыруға дағдылануы.
Сабақтың қысқаша жоспары:
1. Сабақты ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру және оны қортындылау.
3. Аталған лабораториялық практикумға сәйкес техникалық хауіпсіздік ережелері бойынша инструктаж өткізу.
4. Оқушылардың оқытушы басшылығымен лабораториялық практикум жүргізуі; оны аяқтап, қортындылауы және есептер шығару.
5. Лабораториялық жұмыс кезіндегі қалыптасқан білімдік, іскерлік- кәсіптік дағдыларын бекіту:
а) Дифракциялық тор деген не және оның жұмыс принципі неге негізделген?
б) Дифракциялық тор арқылы жарық толқынының ұзындығын өлшеудің қандай маңызы бар?
6. Осы тақырыпқа эксперименттік және т. б. есептер шығару.
7. Үйге тапсырма беру және сабақты қортындылау.
Лабораториялық практикум жұмысының теориялық негіздемесі:
Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту қабiлетiн айтады. Дифракция құбылысы жарықтың толқындық қасиетiнiң айқын дәлелi болып табылады. Бұл құбылыс геометриялық оптика заңдылықтарының қай кезде бұзылатындығына нұсқайды.
Дифракцияның сандық теориясы, яғни бұл құбылыстың әсерiнен экрандағы жарық интенсивт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>