,) осы түсініктерді таба білуге дамыту. Шыдамдылыққа ,қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: "Не қайда тұрады?"
Мақсаты:
Білімдік мәні :Балаларды ойын арқылы кейбір жануарлардың, құстардың,
жәндіктердің тіршілігімен таныстырып, олардың маңыздылығы,пайдасы туралы білімдерге үйрету
Дамытушылық мәні:Тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту,сөздік қорларын байыту. Тәрбиелік мәні:Қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: "Ненің құйрығы?"
Мақсаты :Білімдік мәні:Балаларды жануарлармен таныстыру, жануарлардың дене бөлшектерін құрастыруға үйрету.
Дамытушылық мәні:Жануарлар туралы ұғымдарын бекіту (жануарлардың тіршілігі жайлы)
Тәрбиелік мәні:Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Міндеттері:Ойын арқылы балаларды жануарлар әлемімен таныстыру.
Жануарлардың дене бөлшектерін біліп,оларды ажыратып атауларын айтып беруге үйрету.
Жануарлардың тіршілігін,маңыздылығын туралы білімдерін бекітіп дамыту.
Балалардың ойынға қызығушылықтарын арттыру,ептілікке тәрбиелеу.
Тақырыбы: "Ненің жапырағы?"
Мақсаты:Білімдік мәні :Балаларды ағаш түрлерімен таныстырып,олардың түрлерін жапырағына қарай ажыратуға үйрету.
Дамытушылық мәні: Ағаштар туралы білімдерін жетілдіру.
Ойлау,зейін қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Табиғатқа деген мейрімділікті тәрбиелеу.
Міндетті: Балаларды 3 - 4 ағаш түрлерімен және олардың жапырақ түрлерімен таныстырып, ағаш атауларын айтып беруге үйрету.
Қоршаған ортада,серуендерде ағаштар атауларын айтуға дағдыларын қалыптастыру.
Әр түрлі ағаштардың жапырақтарының көлеміне,түсіне назар аударып ажыратуға , ауызша айтып беруге білімдерін бекіту.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>