рленген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді. Кім көп шар жинаса сол бала жеңімпаз атанады, 10-15 сек. Ойын жалғасады.
Күн мен жаңбыр
Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді. т. б. Тәрбиеші "Жаңбыр жауды!" дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші "Күн шықты!" дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.
Ұшақтар
Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші "Ұшақтар ұшады!" деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. "Ұшақтар қона бастады!" дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.
Автобус
Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.
Тақырыбы: Қимылды ойындар
"Аспазшы"
Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.
"Отбасы"
Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, мейірбандыққа баулу. Өздеріне берген рөлдерді дұрыс орындап, тату ойнауға тәрбиелеу.
"Мектеп"
Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>