Играя, развиваемся

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.
--

--
Хан талапай
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі -- "Ханталапай". Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты "ханталапай" деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты -- балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
--
Құмар
Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі -- "Құмар". Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5 -- 6 адамнан аспауы керек. "Құмар" -- үйде, аулада, таңыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтыны асық иіру арқылы шешіледі. Алшы -- бірінші, тәйке -- екінші, бүге -- үшінші, шіге -- төртінші т. с. с. кезек алады. Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін, негізгі төрт қыры болады. Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды. Алшыны -- жылқы, тәйкені -- түйе, бүгені -- қой, шігені -- ешкі деп атайды. "Құмар" деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысалы төртеуі де алшы түссе -- "Құмар" болады, ол төрт ұпай алады, тәйке-үш, бүге-екі, шіге-бір ұпайдан алады. <

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: