Играя, развиваемся

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ды
Өріс ойыны 3, 5, 7 метр қашықтықтан (қашықтық балалардың жас ерекшелігіне байланысты). Түзу бойына алшы, тәукі кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып атасың. Кімнің бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра (соғады) жерге тастайды. Алшы түскен сақа иесі бірінші, тәукі екінші, бүк үшінші, ішік төртінші болып атады.
Ойынындағы ұтыс ( жеңіс) тәртібі :: Сақа асыққа тиіп "алшы" түссе - тізілген асықты түгел ұтып алады. :: Сақа асықттарды құлатып, сақа бүк түссе - ішік шатқан асықтарды ұтады. :: Сақа асықтарға тиіп, ішік түссе - бүк түсіп жатқан асықтарды ұтады
Бұзылған асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп қояды. Келесі кезектегі ойыншы сақасы мен тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда сақа асықтарға тиіп, құлатып өзі омпа түссе, сақаны омпалатады. Тізеден төмен сақаны домалатып тастайды. Келісім бойынша үш рет қайталауға болады. Өрістен атылған сақалар, домалап түскен жерінде жатуға тиіс. Кімнің сақасы төрге озып кетсе, сол бірінші болып кері атады. Тимей кетсе келесі ойыншы кезек алады. Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы қалған асықты сақамен қосып, басынан асыра жерге тастайды. Ұтқан асығыңды жинап отырасың. Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алады.
Сақа мынадай жағдайда асықты ұта алмайды :: Сақа бүк жатса- бүк жатқан асықты ұта алмайды :: Сақа ішік жатса- ішік жатқан асықты ұта алмайды :: Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатса- алшы тұрған асықты жеңе алмайды :: Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - тәукі тұрған асықты жеңе алмайды :: Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - омпа тұрған асықты жеңе алмайды.
--
Асықты тігіп ойнау
Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: