хром(III) оксидін салып, жанарғыда қыздырамыз. Қыздырылған хром(III) оксидін аммиак газы бар шөлмекке салғанда құйын сияқты айналып жүрген жарқылдар пайда болады.
4NH3 5O2 4NO 6H2O
2NO O2 2NO2
Бастаушы: Сендер бізді іскерліктеріңмен тапқырлықтарыңмен тәжірибе көрсетіп таң қалдырдыңдар, енді тағы да сендердің химия ғылымын қаншалықты білетіндіктеріңді сынап көрсек, ол үшін әр топтан екі оқушыдан шығып «тізбектен шығып қалма» ойын сайысына қатысады. Ойынның шарты бойынша топтар қышқылдарды, тұздарды, негіздерді кезекпен жылдам айтулары керек.
Бастаушы: Білмейтінін білем деп олжа қуар,
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.
Химияны болжаммен ұға алмайсың,
Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-дей келе топ капитандарының сайысына да кезек келген сияқты.
Есеп:
Массасы 33,3г кальций хлориді мен 16,4г натрий фосфаты әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасын және зат мөлшерін есептеңдер. (15,5г,0,05моль)
Бастаушы:Әділ қазылар қорытынды шығарғанша көрермендерді де сынап көрсек, бәлкім сендердің араларыңда да химиктер отырған шығар.
Көрермендермен ойын: «Мен кіммін?»
Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)
Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)
Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. (Селен)
Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)
Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыны сан есім, қай элемент? Неон)
Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз- өткізгішпін. (Мыс-сым)
Әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша жеңімпаз топ анықталып
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>