Химия еліне саяхат
(химиялық кеш)
Мақсаты:
Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Кештің жоспары:
«Сәлем сөздің анасы!» әр топтың атын қорғауы, ұраны.
«Білімді мыңды жығар» әр топқа сұрақтар қойылады
«Химия ғажайыптар әлемі» тәжірибе көрсетіп, оны түсіндіруі қажет
«Тізбектен шығып қалма» ойын
Топ басшылар сайысы
Қорытынды.
Бастаушы:Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйрғандар.
Әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстыру.
« Сәлем сөздің анасы» топтардың атын қорғауы, ұраны.
Бастаушы: Адамнан ғылым айла асырмаған
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –дей келе келесі сайысымыз «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деп аталады. Әр салаларда сұрақтар жасырылған топтардың таңдауы бойынша сұрақтар ұсынылады.
1-нұсқа Медицина
2-нұсқа Биология
3- нұсқа Химия
4-нұсқа Ғалымдар тоғысында
Медицина
Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>