Халық әндерінің орындалу ерекшеліктері
Қарағанды қаласы 2 өнер мектебінің
ән домбыра сыныбының оқытушысы
Муслимова К. С.
Ашық сабақтың тақырыбы: Халық әндерінің орындалу ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ халқының халық әндері туралы түсінік қалыптастыру. Әннің қадір-қасиетін ұғындыру.
2. Тәрбиелік: Халық әндерінен эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу. Қазақи мәдениетке баулу.
3. Дамытушылық: Музыкалық ырғақты дұрыс меңгере отырып, әнді жүрекпен мәнерлеп, таза орындауға үйрету. Есту қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, әуенді ойындар.
Көрнекілігі: Домбыра аспабы, фортепиано, халық әндерінің жалғасуына үлес қосқан әнші- компазиторлардың суреттері, ән өнері туралы қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушының сабаққа қатысуын, оқу-құралдарын тексеру. )
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақтардағы өтілген материалдарды сұрақ-жауап арқылы қалай меңгергендігін тексеру.
1. Қандай халық компазиторларын білесің?
2. Мәди Бәпиұлының әндерін ата.
3. Музыкалық дыбыс қатары деген не?
4. Дыбыстардың ара-қашықтығы немен өлшенеді?
5. Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесің?
6. Соль мажор гаммасын орындап бер.
7. (Оқушының дауысына жаттығу жасап, үйге берілген әндерді сұрау) "Екі ғана жирен-ай",
3. Жаңа сабақ.
- Шолпан, Қазақ халқы әнші халық екенін жақсы білесің, яғни әнші ата-бабаларымыздың әлем халықтарына таратып жүрген әнінен үлесімізге көптеп алып, әнші халық атанғанбыз. Ән айтпайтын, "Әу" демейтін қазақ жоқ. Ал енді әнді қалай айтамыз, немен айтамыз?
- Домбыра, жетіген, сырнай, қылқобыз, шертер, адыр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>