на деген аспаптармен айтамыз.
- Дұрыс айтасың Шолпан. Әнді домбыраға немесе қазақтың басқа да ұлттық аспаптарына қосып айтамыз. Қазіргі кезде заманауи ағымға байланысты эстрадалық өңделулерде айтылып жүр.
- Халық әндері дегеніміз- осы уақытқа дейін ауыз екі айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әндер. Халық әндері- тұрмыстық, жағдаяттылыққа байланысты айтылады. Атадан балаға ауысып келе жатқан халық әндері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, ән айту шеберлігі барынша жетіліп классикалық үлгіге дейін жетті.
Халықтық әншілік өнер сан ғасырлық тәжіриенің нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап-талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді. Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс тіршілігі, қоғамдық әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан.
Өнерлі ортада өскен жас талапкер, ұстаз жанында айлап-жылдап жүріп, шеберлігі мен бірге тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болған. Дәстүрлі әншілік өнер айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді.
1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.
2. Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.
3. Батыс өңіріндегі әншілік мектеп.
4. Шығыс өңіріндегі әншілік мектеп.
5. Сыр бойындағы әншілік мектеп.
Бұл әншілік өнер әр өңірдегі өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат-танымына, ойын-сауық үрдістері мен тұрмыс-салт ғұрыптарына байланысты алуан түрлі. Ал халық әндері бізге Күләш, Манарбек, Құрманбек, Әміре, Жүсіпбек, Кенен сияқты әншілер арқылы жетті.
4. Ән үйрену.
1. Дауысқа арналған жаттығулар
2. Әннің сөзімен жұмыс жасау, үйрету.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>