Халық өлшемі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қараағаш орта мектебі


Тәрбие сағаты:
Халық өлшемі




Бастауыш сынып мұғалімі
Шухаманова Рашиля Кенжибайқызы



Халық өлшемдері
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
1. Халық тәжірибесіндегі заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу жолдары.
2. Шәкірттер бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіртіп ата - бабасының тыныс тіршілігінен хабардар етіп , есте сақтау.
3. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнектілігі:
Қазақша ұзындық, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған әдістерді бейнелейтін суреттер метрлік, литр, ыдысы.
Тұз, бидай, күріш.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру.
-Балалар, бүгін біз бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін ұзындылықты, сыйымдылықты қалай пайдаланғанымен танысамыз.
Бұрын қазіргідегідей ұзындықты өлшейтін дайын метрлік, сыйымдылықты өлшейтін кг, метр өлшеуіш құралдары көп болмаған, болса да көп адамдар түсіне білмеген. Сондықтан көз, қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған. Қазақ халқына ортақ өлшеуіштерге жалпы халық сенген және түсінген. Біз сол өлшемлерге көз жеткізуіміз керек.
Мысалы: Үлкендер бес саусақты қалай атаған?
(Бір оқушы саусақтарын көрсете отырып айтады. )
Оқушы:
1) Бас бармақ. 2) Сұқ саусақ. 3) Ортан саусақ. 4) Аты жоқ саусақ. 5)Шынашақ. .
-Дұрыс.
-Ал, Осы саусақтар бірдей ме?
-Жоқ. .
-Неге?
-Білмейміз.
-Ендеше бес саусақ туралы халықтың аңызын әңгімелеп берейін.
Ең алғашқыдаБсе бармақ бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда бас

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: