тсақ 1 см қаймақ жиналды дер едік.
Кішкентай аласа бойла адамды бойы бір қарыс деп тілге тиек еткен. Сонымен бірге тәжірибеде сыйымдылық өлшемдерін былай атаған:
(суреттерін көрсету)
1. Шымшыма
2. Шөкім
3. Бір уыс
4. Қос уыс.
5.
Осы өлшемдерге түсінік берейік.
1-оқушы: Шымшым - ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғандағы өлшем.
2-оқушы: Шөкім - ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
3-оқушы: Бір уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем.
4-оқушы: Қос қуыс - қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра бүккендегі өлшем.
Практикалық тәжірибе жасап көрсету
Кеседегі тұзды өлшеп көрсету.
Тамақтың бір шымшым тұзы кем. Бір шөкім тұзы кем.
Бидай: Бір уыс бидайды тауыққа шаш. Қос уыс шаш.
(Сыйымдылық өлшемдерін сурет бойынша балалардың өздеріне орындату. )
Қорытындылау.
- Балалар, бүгін сендер ата-бабаларымыздың ұзындық өлшеуіштері мен сыйымдылық өлшемдерін қалай пайдаланғандығымен таныстыңдар.
1-оқушы:
Бес саусақ
Бас бармағым бауға барды,
Сұқ бармағым суға барды,
Ортан саусақ орақ орып,
Аты жоғым ағаш жарды.
Жұмсамапты алақаным
Тек шынышақ балапанын. (Он саусақ)
"Зеңгір көктем" әніне салып төрт оқушыға орындату.
( оқушылардың орындауында)
1. Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де.
2. Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
3. Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
4. Өнерлі екен он саусақ
Ұала салсақ, жол салсақ.
Сөз жұмбақ шешу.
1. Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
2. Саусақтың көлденең қалыңдығы.
3. Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>