бармақ басқаларға қарап:
-Ұрлық жасаймыз ба? - депті.
Сұқ саусақ оның сөзін қолдап, - Жасасақ, жасайық - депті.
Ортан саусақ:
-Құдай не қылар дейсің? - депті.
Сонда шынашақ:
Алайық та қашайық, ұрлайық та сояйық. - депті шыдамсыздана.
Саусақтардың осы айтқандарын жаратушы құдай естіп, оларды әр түрлі етіп жаратқан екен.
Кейде өмірде адамдардың іс - әрекетін, қадыр - қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда "бес саусақ бірдей емес" деген сөзді мәтел есебінде үлкендер жиі айтып отырады.
- Балалар, математика сабағында ұзындық өлшемдерін өттіңдер, атаңдаршы.
- Милиметр, сантиметр, дециметр.
- Дұрыс, ал салмақ өлшеуіштері қандай?
- Грамм, килограмм, центнер, тонна.
- Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік, таразы әрбір үйде болмаған.
- Міне, сондықтан олар өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған. Қазақша ұзындық өлшемдері былай атаған.
(суреттерін көрсете отырып айту)
1. Елі.
2. Сүйем
3. Сынық сүйем
4. Қарыс сүйем
5. Қарыс
6. Тұтам.
Қазақша ұзындық өлшемдеріне жеке-жеке тоқталайық. .
1-оқушы: Елі - саусақтың көлденең қалындығы.
2-оқушы: Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақттың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.
3-оқушы: Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.
4-оқушы: Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың аралық өлшемдері.
5-оқушы: Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық өлшемдері.
6-оқушы: Тұтам - бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең ұзындық.
- Дұрыс. Мысалы, пісіп тұрған сүтті мұздай жерге қойса, қаймақ бетіне жиналады, үлкендер оны бір елі қаймақ жиналды дейді. Ал, математикадағы ұзындық өлшемі бойынша ай
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>