Хабарлы сөйлем

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

br/>




Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2-сынып
Күні: 27. 11. 2013 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты:Лепті сөйлемдерді хабарлы,сұраулы сөйлемдермен салыстыру арқылы ұғындыру. Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін,сезімін білдіретінін,өзіне лайық айту мәнері бар екенін түсіндіру. Өлеңдер арқылы тілдерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, өзіндік.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:184- жаттығуды тексеру. Оқыту, талдау.
ІІІ. Білімдерін тексеру. -Сөйлем дегеніміз не?
-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
ІV . Мақсат қою кезеңі: Лепті сөйлем
V. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс
Ережені түсіндіру: Адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөйлемді лепті
сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: Алақай,әкем шаңғы әкелді!
185-жаттығу. Өлеңді рөлге бөліп оқып, көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді табу. Сөйлем соңынадағы тыныс белгілеріне назар аудар.
186-жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы,лепті сөйлемдерге айналдырып жазу.
Сыныпта өнерлі оқушылар көп. Мектеп ауласында әдемі гүлдер егілген.
Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе? Мектеп ауласында әдемі гүлдер егілген бе?
Алақай, сыныпта өнерлі оқушылар өте көп! Ура, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!
187-жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып
лепті сөйлемдер құрау.
188- жаттығу. Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдеу.
Әкем шаңғы әкелді. Алақай,әкем шаңғы әкелді!



Сабақты қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма: 189-жаттығу. Ережені жаттау.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: