Хабарлы сөйлем

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

сөйлем жайлы түсінік беру. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:174-жаттығу, ережені сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау:-Сөйлем деген не?
-Сөйлем соңына не қойылады?- Хабарлы сөйлем қандай ойды білдіреді?
" Мен бастаймын, сен жалғастыр" ойынын ойнату.
1. Сөйлем аяқталған . . . . . . . . . . . . . . . . ( ойды білдіреді)
2. Сөйлем сөзден . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ( құралады)
3. Сөйлемдегі сөздер. . . . . . . . . . . . . . ( бөлек жазылады)
4. Сөйлемнің бірінші . . . . . . . . . . . . . . ( сөзі бас әріптен басталып жазылады)
5. Сөйлемнің соңына. . . . . . . . . . . . . . . . ( нүкте қойылады)
6. Хабарлы сөйлемнен кейін . . . . . . . . . . ( нүкте қойылады)
7. Сұраулы сөйлемнен кейін . . . . . . . . . . . . . ( сұрақ белгісі қойылады)
ІV. Мақсат қою кезеңі:Сұраулы сөйлем
V. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс
Ережені түсіндіру:Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Мысалы: Сенің атың кім?
Дәптермен жұмыс
175-жаттығу. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқы және салыстыр.
Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған ?
176- жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.
177-жаттығу. Мына жайттарды білу үшін сөйлемдер құра.
Құраған сөйлемдеріңді жаз. Бұлар қандай сөйлемдер?
178-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыр.


Сабақты қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма: 179- жаттығу





<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: