Хабарлы сөйлем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2-сынып
Күні: 20. 11. 2013 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:Хабарлы сөйлем туралы түсінік бере отырып жаттығулар
орындау. Есте сақтауын, білімін дамыту. Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:168- жаттығу.
ІІІ. Өткенді пысықтау. -Сөйлем деген не? -Сөйлем соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
ІV. Мақсат қою кезеңі. Хабарлы сөйлем
V. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс
Ережені түсіндіру:Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (. ) қойылады. Мысалы: Оқушылар мұражайға барды.
169- жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Әр сөйлемде не туралы айтылған ?
Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
170- жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
171-жаттығу. Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастыр.
172-жаттығу. Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Сергіту сәті

Шаршады көзіміз, Бір,екі, үш деп
Шаршадық өзіміз. Күш жинап алайық!
Демалып алайық! Бір,екі үш деп
Буынға бөліп айтайық! Қадамға басайық!

173- жаттығу. Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелдеу.

Сабақты қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма: 174-жаттығу.


















Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2-сынып
Күні: 21. 11. 2013 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сұраулы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: