Сабақ тақырыбы: Графикалық редакторлардың түрлері
 Сабақтың мақсаттары: 
 Білімділік: Білім алушыларға графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары. Оның түрлерімен таныстыру. 
 Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту. 
 Тәрбиелік: компьютерді дұрыс қолданумен таныстыру, компьютерге санитарлық және техникалық жағдайына ұқыпты қарауды қалыптастыру
 Сабақ түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру
 Сабақтың типі: сұрақ - жауап, зертханалық жұмыс, ой жинақтау
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту технологиясы
 Пайдаланған материалдар: М. Қ. Байжұманов " Информатика"
 Көрнекіліктер: Слайд, кеспелер,зертханалық жұмыс. 
 Пән аралық байланыс: Математика , сызу,дене шынықтыру
 
 Сабақ барысы мен мазмұны
 І. Ұйымдастыру: амандасу, оқушыларды түгендеу, аудиторияның сабаққа дайындығы
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ қойып
 1. Рower Point бағдарламасының терезесі неден тұрады?
 2. Слайд дегеніміз не?
 3. Бағдарламаны іске қосу жолдары қандай?
 4. Презентацияның қолданылу мақсаты. 
 5. Презентация құру кезеңдерін ата ?
 ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
 Жаңа сабақ бойынша жұмыс түрлері: 
 Компьютерлік графика
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. 
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез - келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басы
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
