ң қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.
Жарнамалық графика - теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды.
Графиктік мәліметтерді екі топқа бөледі: 1. Векторлық
2. Растрлық
Векторлық мәліметтер түзу, тіктөртбұрыш, қисық және осылардың негізінде, кілттік нүктелерді сандық түрде анықтау арқылы жасалына алатын кез келген басқа объектілерді ұсынуға қолданылады. Программа кілттік нүктелерді
біріктіру арқылы сызықтар шығарады. Векторлық мәліметтермен атрибуттар туралы мәлімет және келісімдер топтасуы әрқашан байланысады. Келісімдер белгілі және белгісіз болып беріле алады, бірақ олар программаға тәуелді.
Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады, және соңғы нүктелер термесі (набор) беріледі.
Растрлық мәліметтер - бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі.
Пиксельдер - дұрыс торда орналасқан, бейне құрайтын түстік нүктелер.
Техникалық растр дегеніміз шығару құрылғысында бейне көрсету кезінде бөлек пиксельдер түстерін беретін сандық мәндер массиві. Шығару құрылғыларында сурет ішіндегі пиксель түсіне сай келетін, растрлық мәліметтер ішінде сандық мәнді белгілеу үшін пиксельдік мән термині қолданылады. Bitmap термині пиксельдер массивін белгілеу үшін қолданылады (типке байланысты емес), ал биттік тереңдік термині битпен немесе байтпен берілген осы пиксельдердің көлемін нұсқау үшін қолданылады
Paint
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>