Графика және оның түрлері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

>ә) кіріспе әңгіме.
б) граттаж техникасы мен сия бояуларының сурет салу кезеңіндегі
жұмыстың ерекшеліктері.
3. Тәжірибелік жұмыс.
4. Сабақтың қорытындысын жасау.
Графика: танысу және материал мен жұмыстың әдістерін игеру.
Графика және оның түрлерінің қысқаша тарихы.
Графика – гректің grapho «жазамын», «сызамын» деген сөзінен шыққан бейнелеу өнерінің бір түрі. Яғни жазық бетте бейнелеу тәсілі. Оған қолмен салынған сурет, сондай-ақ басқа да тәсілдермен (литографиялқ, гравюра, фотолитография және т. б) орындалған суреттердің барлық түрі кіреді. Көне заманнан бері келе жатқан сурет салудың бір құралы – көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр. Ол қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. «Графика» термині алғашында хат жазу өнері мен каллиграфияда қолданды. Ол өзінің жаңа бағытын XIX ғасыр аяғы мен XX басында кең бастауын алып, графика дербес жеке өнер ретінде қалыптасты. Графиканың негізгі ерекшелігі ол – сызық, қағыс (штрих), жиектеу, дақ пен өң болып саналады. Графика суретпен тығыз байланысты болып, кең ауқымды болады және баспа графикасымен ерекшеленді.
Графика – сызба графикасы және гравюра болып бөлінеді. Сызба графикасы бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан -жақты дамыған түрі. Графикалық бейне тек бір түсті ғана емес, сонымен қатар түрлі- түсті де болады. Сызба өнерінде штрих аса мңызды рөл ойнайды. Сызбаның түрлері 1) қондырылған сызба (сурет эстамп, лубок); 2) кітап, газет, журнал сызбасы; 3) қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т. б. )
Гравюра - француздың grawer «қию», «тырнау» деген қазақша баламаға келеді. Гравюра қытайда шамамен VI ғасырда пайда болып, батыс Еуропада XIII –XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Гравюра бетіне сурет ойып сал

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: