ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
«Бейнелеу өнеріне оқытудың дәстүрлі және инновациялық
әдістері»
тақырыбына біліктілікті арттыру курсы
«Графика және оның түрлері»
тақырыбына шеберлік сыныптың өңдемесі
Дәріскер: Көпжасаров Бақыт Рүстемұлы-
екінші біліктілік санатты
қосымша білім беру педагогі
Ақтөбе - 2015 ж.
Қалалық көркемсурет лицейінің екінші біліктілік санатты
қосымша білім беру педагогі
Б. Р. Көпжасаровтың шеберлік сыныбының конспект-жоспары
Сабақ тақырыбы: «Граттаж техникасы және сия бояуларымен жұмыс»
Сабақ мақсаты: графика түрлерін сурет салу тәсілінде жұмыстың орындалу
дағдылары мен икемдерін, білімдерін қалыптастыру.
Міндеті: - тыңдаушыларды жұмыстың негізгі әдістері мен орындалу
еркімен таныстыру;
- эстетикалық талғамы мен көркемдік елестетудің дамуына көмектесу;
- тапсырманың өңдік мақамы мен алынған дағдыларды жетілдіру;
- жұмыстарды орындауда жинақтылық пен ұқыптылық;
Сабаққа арналған материалдар:
Мұғалім үшін:
Тақта, қағаздар (түсті, жылтыр бет немесе фото қағаз) А3, А4 көлемді.
қылқаламдар 2, 4, 6, мастихин 2, 3, сырлайтын жалпақ қылқалам
(құрылыс қылқаламы), типографиялық қара бояу, қара сия бояуы
(чернила), зығыр майы, бояутақта (палитра), бояу, су құятын
ыдыстар, қолсүрткіш. Белгіленген тақырып бойынша көрнекі
құралдар, оқушылар жұмыстары.
Тыңдаушылар үшін:
Жылтыр бет қағаз және жай қағаздар, қылқаламдар, қара сия бояуы,
Су құятын ыдыс, қолсүрткіш, қағаз, скотч (жапсырғыш).
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқу материалын түсіндіру.
а) мақсаттары мен міндеттері.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>