үстем - Дастан", "Қобыланды", "Алпамыс", "Ер Тарғын"
Топтық жұмыс.
"Білім көзі - кітапта"
"Ең бастысы" ойыны.
1 - топ тапсырмасы: Дастанға арқау болған тірек сөздер мен сөз тіркесін жазу;
2 - топ тапсырмасы: Дастандағы негізгі ойды ашатын сөйлемдерді жазу.
ә) Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің "Гүлшат - Шеризат" дастанының мазмұнын баяндау. Оқушыларға дастанды алдын ала оқып келу тапсырылған. Сондықтан білімгерлер дастан сюжетін тізбектей баяндап береді.
Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Талдау сұрақтары.
1. Дастанның жанрлық ерекшелігі неде?
2. Аңызға құрылуын дастаннан мысал келтіру арқылы дәлелдеңдер.
3. "Гүлшат - Шеризат" дастаны қазақ дастандарының қай түріне жатады?
4. Парахзаттың арам ниетін мәтіннен тауып оқыңдар.
5. Гүлшат Шеризатты сөзбен қалай тоқтатады? Мәтіннен үзінді келтіру арқылы дәлелдеңіздер.
Дәптермен жұмыс.
Дастанға сатылай комплексті талдау жасау
Авторы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Тақырыбы: Адал ниетпен әділ іс қылу.
Идеясы: Әділдіктің жеңіске жетуі,
жақсылықтың салтанат құруын дәріптеу
Жанры: Эпос, дастан
Кейіпкерлері: Көркін, Парақзат, Гүлшат, Шеризат, арыстан, керуенбасы Қожа Сағит.
Композициясы: Оқиғаның басталуы. Көркін патшаның бір балаға зар болуы. Аңға шығуы.
Оқиғаның байланысы. Парахзаттың ханымды өлтіртуі, арыстанның баланы арыстанның, керуенбасы Қожа Сағиттың баланы асырап алуы. Парахзаттың түсі.
Шиеленіс. Шеризаттың ержетіп, керуеншілермен бірге Шынмашын еліне келуі. Гүлшаттың Иран бағы.
Шарықтау шегі. Барыстың хаты. Шындықты білу, Парахзатты зынданға тастау.
Шешімі. Гүлшаттың ара түсуімен Парахзаттың күнәсінің кешірілуі.
Өлең құрылысы: Дас
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>