ot;Олжалы бестік" ойыны.
Ойлы болсаң, озып көр - Мәшһүр Жүсіптің шын есімі? Мәшһүр атану себебі?
Зерек болсаң, сынап көр - Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кітаптары?
Мықты болсаң, ашып көр - Ақын шығармаларының өзекті тақырыбы?
Жүйрік болсаң, шауып көр - берілген сөздердің Мәшһүр Жүсіпке сәйкес келмейтінін айтсаң, бестік - сенікі.
Алғыр болсаң, айтып көр - Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын қалай топтастыруға болады?
Дайын болсаң, алып көр - Бір адам бар өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды. Үзінді қай өлеңнен алынған?
Тапқыр болсаң, тауып көр - Мәшһүрдің ғұмырнамалық өлеңдерін ата.
4. Сабақтың мақсатын қою.
Жаңа сабақты өзектендіру.
5. Жаңа сабақ.
Дастан туралы ғылыми - теориялық түсінік беру.
а) Дастан (парсыша айту, баяндау, жырлау дегенді білдіреді) - әдеби - эпикалық жанр. Шығыс халықтары әдебиетінде әсіресе парсы, түрік әдебиеттерінде кең тараған. Дастан белгілі бір сюжетке құрылады. Құрылымында кейде өлең, кейде қара сөз араласып келе береді.
Қазақ дастандары тақырыбы жағынан 5 түрге бөлінеді:
1. Ислам қағидаларын, діни наным - сенімдерді насихаттайтын дастандар. Мысалы: "Салсал", "Зарқұм" т. б.
2. Шығыс аңыз - әңгімелері негізінде туған дастандар. "Мың бір түн", "Шаһнама", "Тотының тоқсан тарауы"
3. Шығыс классиктері негізінде пайда болған дастандар. Фирдоуси, Науаи, Низамилер жазған "Ләйлі - Мәжнүн", "Таһир - Зуһра", "Ескендір" т. б.
4. Романтикалық сарындағы ғашықтық дастандар. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек" т. б.
5. Ерлік пен ел жайындағы батырлық дастандар. "Р
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>